, это соч Тоқсандық жиынтық бағалау Задание №1

Не сдано

keyboard_arrow_down

ТЖБ №4

Оқылым
1-мәтін
    Айтыс – халық ауыз әдебиетінің осы түрі – ХІХ ғасырда пайда болды және өздігінен халық шығармашылығы іспетті дами бастады. Бұл кезең халықтың негізгі музыкалық дәстүрі – инструменталдық, ән-күй, ақындық жанрының гүлденуіне мүмкіндік жасалған ұлттың шын мәнінде рухани қайта өрлеу дәуірі болды.
   Айтыс – халық арасында ақын деп аталатын екі суырыпсалма жыршы арасындағы сайыс. «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» деп халық бекер айтпаса керек. Айтыс кезінде ақындар кез келген еркін тақырыпты өлеңмен өрнектейді. Фольклордың басқа нысандарынан ерекшелігі – Айтыс жиналған халықтың алдында өткізіледі. Айтыскер ақындар алдын ала дайындықсыз сайысқа қатысады, жауапты өлеңмен ойдан шығарып кезек-кезек қайтарып отырады. Бұл сайыс алғырлықты, терең ойды, жылдамдықты талап етеді.
2-мәтін
Теледидар ХХ-ғасырда халық тұрмысына дендеп енген құбылыс болды.
Ол болып жатқан оқиғаны экран арқылы көрсетіп, сол оқиғаның мән-мағынасын көру және есту арқылы түйсініп, санада қорытуға мүмкіндік берді.Осындай хабарлардың бірі – «Айтыс». Қазақтың өзіне ғана ұлттық маржаны, төл өнері теледидар арқылы шағын аудитория шеңберінен шығып, айтыс десе ішкен асын жерге қойып тыңдайтын, қызыға тамашалайтын мыңдаған адамдардың мінберіне айналды. Бұрын ауыздан-ауызға тарап тыңдаушыға бастапқы күйінен өзгеріп жетсе, қазіргі теледидар бір мезгілде бірден айтысты сол өзгермен нұсқасында миллиондаған аудиторияға жеткізуге мүмкіндік берді. Демек теледидар – белгілі бір орталықтарда ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталып сараланған ғылым мен өнердің асыл қазыналарын бүкіл еліміздегі барлық адамдардың игілігіне айналуына жол ашқан өнер түрі.
 
1. Қай тақырып екі мәтінге ортақ ?
2. Екі мәтінді мұқият оқып, бұрыңғы айтыс пен қазіргі айтысты салыстырыңыз.
3. Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза)
4. Айтыскер адамның бойындағы қасиеттерді атап, бағалайды.​

boyko3333 boyko3333    3   18.05.2021 09:57    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi