ЭССЕГЕ КОМЕК КЕРЕК Эссе тақырыбы:”Ғасырлар бойы арман еткен егемендік-қазақтың басына қонған бағы”​

Golpio Golpio    1   22.04.2021 08:16    47

Ответы
али394 али394  22.04.2021 08:20

Халқымызда «Елу жылда – ел жаңа» деген сөз бар. Ал біз елдің жа­ңаруына, адам танымастай тү­леп-өркендеуіне небәрі жиырма жыл ішінде қол жеткіздік. Біздің Ота­нымыз – әлемнің дуалы ауыз саясаткерлері, өркениет төріндегі мем­ле­кеттердің басшылары, көр­нек­ті қо­ғам қайраткерлері жиі-жиі бас қо­сатын сыйлы да беделді ша­ңы­раққа айналды. Мұның бәрі, ең алдымен, Ұлт көшбасшысы Н.­Ә.На­зар­баев ұс­танып отырған сындарлы сая­сат­тың нақты жемісі. Елбасымыз әлем­ді таңғалдырған ел жетістіктерінің астарын «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіз­дігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» деп ашып берді. Тәуелсіздік бастауы – ерлік дәстүрі Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көте­ре­тін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің сан ғасырлық мақсаты орындалды. «Қазақстан Респуб­ли­касының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Елдіктің, мемлекеттіліктің барлық нышандары, белгілері орнықты. Кейбір сарапшылар «тәуелсіздік бізге Алланың берген сыйы», «егемендік оңай уысқа түсті» дегенді айтып жатады. Иә, біз өткен ғасыр соңында Кеңес Одағы аумағында орын алған дағдарыс жағдайында тәуелсіздікке ие болдық. Алайда, оған жету үшін ғасырлар бойы қаншама күрестер жүрді. Сансыз қан төгілді. Елім деп еңіреген әрбір қазақ елдіктің жайын, ел болудың қамын ешқашан ұмыт­пады. Сондықтан, Тәуелсіздік халқымыз үшін тосыннан пайда бола қалған үлес те, сый да емес. Тәуелсіздік ғасырлар бойы толастамаған айқастың, елім деп еңіреген ерлердің қаны арқылы келген жеңіс.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi