Тіл – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол атамыздың ақылы мен анамыздың ақ сүтінен жаралған. «Қазақтың өз тілі қазақ үшін алтын бесік» деген екен жазушы Шерхан Мұртаза. Есте жоқ ескі дәуірлерден қалған осынау асыл дүниені көздің қарашығындай сақтап, қадірлеп, оның бар маржан, жақұтын шашып алмай кейінгіге жеткізу үшін қаншама тер төгілді десеңші!
Қазақ бар байлығын тілі мен дінінен, жері мен дәстүрінен тапқандықтан қадір тұтады, қастерлейді, үкілеп ұрпағына аманаттайды, болашағына болжам жасайды. Тіл үшін бар санасын, ғұмырын сарп етіп, шыбын жанын шүберекке түйіп, тұтастығын сақтап қалуға тырысып бағады. Тіл тұнығын лайламай, тәттісін зәмзәм суындай тамсана ішіп мейірін қандыруға тырысады. Тіл – қасиетті де, құдіретті. Құдіреттілігі сонда, өз тілімді өзімнің анама балап, бойыма ана сүтімен дарыған асыл да қасиетті рухани байлық, баға жетпес құндылыққа теңеп жататынымыз да содан болар. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі.Ұлан-байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз, ана тіліміз бар. Кешегі күнде тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар қазақ тілінің тағдыры үшін күресті.
сенімді байлық»