Есім сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туыды зат есім етістікке жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім еліктеу сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім

физикаматика физикаматика    2   23.08.2019 00:00    6

Ответы
1234567891252 1234567891252  05.10.2020 13:35

1) Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:

-шы, -ші: етік+ші, балық+шы, аң+шы, ән+ші, күй+ші т.б.

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы+лық, дос+тық, шын+дық, шебер+лік т.б.

-ша, -ше: бөлім+ше, кітап+ша, маңдай+ша т.б.

-шық, -шік: ойын+шық, үй+шік т.б.

-хана, -стан, -кеш: дәріс+хана, кітап+хана, Қазақ+стан, арба+кеш т.б.

2) Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл+ме, тоқы+ма, кес+пе, тарт+па т.б.

-ым, -ім, -м: бөл+ім, біл+ім, тоқта+м т.б.

-қы, -кі, -ғы, -гі: шап+қы, бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы т.б.

-ыс, -іс, -с: жең+іс, айт+ыс, тала+с т.б.

-ық, -ік, -қ, -к: қаз+ық, көр+ік, сұра+қ, тіле+к т.б.

-ыш, -іш, -ш: қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш т.б.

-уыш, -уіш: тырна+уыш, еле+уіш, түйре+уіш т.б.

3) Еліктеу сөздерден зат есім тудыратын жұрнақтар:

-ыл, -іл, -л: тарс+ыл, гүрс+іл, дір+іл, т. б.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi