Ер ерлік туралы эссе жазбас бұрын,осы сөздің тереңіне үніліп көрмекші болдым.Бұл сөздерді естігенде Бауыржан Момышұлы;Әлия Молдағұлова;Мәншүк Маметова немесе Қабанбай,Өтеміс,Наурызбай тағы да басқа батырлардың ерлігі ойға келеді.Ал сонда бүгінгі күнгі ерлік қайсы?дегенге келсем.Менің ойымша пайдалы іс істеп,ақылмен сөз сөйлеп,ардақты ата-анамызды құрметтеп,достықты жоғары бағалап,"Отан"деген қасиетті ұғымды қастерлеп өтсек мен үшін ол ерлік деп ойлаймын.Ерлік үшін күште,білек те керек емес.Міне,меніңше ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұстаған адам нағыз ер.