2-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз. 1. «Ызалы ұрпақ түкіреді бетіңе». Кімнің сөзі? A) Әкесінің сөзі B) Ұлының сөзі C) Баймағамбеттің сөзі D) Махамбеттің E) Ықыластың сөзі 2. Әке үкімін бейнелейтін поэма тармағы A) «Ерлер аз ғой бара алатын байыпқа!» B) «Пенделік қой салған мені тақымға» C) «Қайрағам жоқ қызғаныштың қанжарын» D) «Қай атаңнан көріп едің оңбаған?!» E) «Осы арада қалдырамын мен сені» 3. М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасы арқылы қандай идеяны негіздейді? A) Туған ел Ақындарын жанын салып қорғаған. B) Махамбеттей батырға Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?! C) Кім аяққа басса заңын даланың Ұмытқаны қатал тарих сабағын. D) Туған елім – арман, мұңым, Енді сені жетелейді жол қалай? E) Мен сенемін күні ертең Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем. 4. Ақын Т.Медетбектің қуанышы мен шаттығын білдіретін өлең тармағы A) «Жаным кетті қарайып» B) «Кеуіп қалды таңдайым» C) «Сүйіншілеп келер күнге кетті ұшып» D) «Өзімізге жүрдік біздер құрық сап» E) «Шұлғау етті қасиетті туымды» 5. Т.Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің негізгі идеясы қандай? A) Елді бірлікке шақыру, тұтастыққа шақыру. B) Жастар – тәуелсіз елдің ертеңі, ұлт болашағы. C) Тәуелсіздік – ХХ ғасыр жемісі. D) Тәуелсіздік туының астына біріккен халықтың асқақ арманы. E) Тәуелсіздік – төккен қан мен асқақ арман жемісі 6. «Аяқ-қолы шидей, ... шамасындағы ұл бала табалдырықты кесіп тұра қалды». Көп нүктенің орнына қажетті сөз A) үштер B) төрттер C) бестер D) алтылар E) жетілер 7. «Қонақтар» шығармасындағы көтерілген басты мәселе қандай? A) ұлттық тілді құрметтеу B) дұрыс армандай білу қажет C) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы D) ата-ананың сағынышы мен арманы E) баланың анасына деген махаббаты 8. Аспандиярдың дауысын Сапабек қалай бағалады? A) бас B) баритон C) тенор D) сопрано E) Дұрыс жауап жоқ 9. Ерғабыл қарттың жанын жегідей жеген өкінішін білдірген сөз A) «Шөлдедік. Шайыңды құй». B) «Әлгі жаман қайда?» C) «Кәрілік! Е-е, жарықтық-ай!» D) «Ие болсын мына қу шаңыраққа!» E) «Сапабекжандар кеше келмегені несі?» 10. А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде неге сенім білдіреді? A) халқының сүйікті ұлы болатынына B) өлеңі арқылы есімінің өшпейтіндігіне C) келешекте алып ескерткіш орнататынына D) ескерткішінің Александр мұнарасынан биік болатынына E) тұңғысқа танымал болатындығына