Электр куатын үнемдеудің қандай жолдарын білесіндер?

Vagapova1 Vagapova1    2   01.10.2019 13:20    3

Ответы
ученик11111023531 ученик11111023531  11.08.2020 10:23

Токты үнемдегенде ұялы телефон, ноутбук секілді құрылғылардың зарядтағышын токтан үнемі ажыратып отырыңыз. Розеткаға қосылып тұрған құрылғы энергия тұтынады. Басқа жаққа бірер күнге кетер болсаңыз шамды өшіріп қана қоймай, розеткадан телевизор, музыкалық орталық, DVD-ойнатқыштарды да ағытып кетіңіз. Олар токқа қосылып тұрса аз да болсын энергия шығындап отырады.

Тағы да бір кеңес, шаңсорғыштың қоқыс қапшығын және фильтрін дер кезінде ауыстыру қажет. Өйткені, бітеліп қалған немесе шаңға бөккен қоқыс қапшықтан шаңсорғыштың жұмысы ауырлап, қалыпты нормадан көп қуат жұмсайды.  

Автоматты кір жуғышқа мөлшерден артық кір салып жууға болмайды. Бұл жағдайда оның моторына күш түсіп, ол 10-15 пайыз мөлшерден артық қуат жұмсайды. Және киімдердің түрлілігіне байланысты жуудың бағдарламалары белгіленген. Егер қате бағдарлама таңдаған жағдайда энергия шығыны 30 пайызға артады.

Тоңазытқыш ас әзірлейтін плиткаға жақын тұрмағаны абзал. Егер тоңазытқыш тұрған жылы бөлмеде тұрса немесе оның маңайындағы жылу 30 градусқа жетсе, тоңазытқыш ішен қойылған тағамды салқындатуға көбірек қуат жұмсап, токты екі есе артық тұтынады.

Дер кезінде мұздатқыш камерадағы қатып қалған мұзды жібітіп, тазалап отырғанның пайдасы бар. Себебі, қалың мұз қабаты азық-түлікті салқындатуға кедергі жасайды. Әрі тоңазытқыштың электр қуатын көп тұтынуына әкеліп соғады.

Егер токты есептеп жұмсау қажеттіліг туса, төменде тұрмыста көп қолданылатын құрал-жабдықтардың негізгі қуат жұмсау шығынын есте сақтау керек. Айталық, электр шәйнек 5 минутта - 0,18 кВтс, қысқа толқынды пеш  5 минутта - 0,125 кВтс, тоңазытқыш тәулігіне - 2,4 кВтс, үтік 15 минутта - 0,55 кВтс, компьютер 1 сағатта -  0,35 кВтс, телевизор сағатын - 0,07 кВтс, автоматты кір жуғыш машина 1,5 сағатта - 3 кВтс ток жұмсайды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi