Егер мен ұстаз болсам эссе​

Zharkov12345 Zharkov12345    2   09.12.2020 08:23    8

Ответы
Yotuberik Yotuberik  08.01.2021 08:25

Ұстаздық, бала тәрбиелеу – зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарыту. Алға талпынған оқушының алдында  ұстаздың  жауапкершілігі зор. Сондықтан, оқытушылық жолды таңдауда, алдымен, мың ойланып, жүз толғану керек. Өйткені, ол – жауапты мамандық. Адамның адам болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Мені алаңдататыны, қазір гуманитарлық мамандықтардың оқу ақысы төмен болғандықтан, ол жерге кез келген жанның қолы жетеді. Сондықтан да, жастардың дені «әйтеуір, қолыма диплом алсам болды, арзан мамандықты таңдай салайын» дейді де, оның астарына үңілмей, жауапкершілік жүгін сезінбей жатады. Ал, егер мен мұғалім болсам, алдымен,  әр шәкіртіммен қарым-қатынасымды түзеуден бастар едім. Оқушы да – жеке тұлға, онымен өзіммен қатар адамдай қарым-қатынаста болар едім. Жасы кіші болса да,  өзіндік ойы, пікірі мен көзқарасы бар. Сондықтан, баламен де санасу керек. Сонда ғана жасөспірім өзінің басындағы проблемалық мәселесін де ашып айтады. Бұл балаларға жасалып жатқан түрлі қастандықтар мен суицидтің де алдын алады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi