3 ТЫНДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
-тапсырма.
Мәтінді тыңда. Оқы. Мәтіннен болымды және болымсыз етістіктерді тап.
Қою қаріппен жазылған етістіктердің түбірі мен қосымшасын анықта.
Белеме кітап сыйладым
«Кітап
білім бұлағы» деген дана сөз бар. Білімнің пайдасын білетін адам дүние жина-
майды, кітап жинайды. Біздің үйде шағын кітапхана бар. Кітапханада ертегілер, сөздіктер
және түрлі энциклопедиялар бар. Мен қызықты мәліметтерді осы кітаптардан оқимын. Мен
кітапханадағы барлық кітап тізімін жасадым. Кітаптардың авторларын жаздым, қайда, қашан
шыққанын көрсеттім.
Кейде керек ақпаратты тез таппайсың. Сондықтан өзіме керек ақпаратты тез табу үшін,
түрлі-түсті қағаздардан белгі жасадым.
Кітапханада әкемнің 1-сыныпта оқыған әліппесі болды. Әкем оны туған күніме сыйлады.
Бір күні менің бөлем келді. Ол суретті әліппені көріп, қатты ұнатты. Бірақ бұл әліппе мен үшін
өте қымбат. Алайда кішкентай бөлемді ренжіткім келмеді. Оның білімге құштарлығын көріп,
әкемнің рұқсатымен әліппені бөлеме сыйладым. Бөлеме: «Әліппені таза ұста, жыртпа!», —
дедім. Бөлем қатты қуанды, кітапты ұқыпты ұстайтын боп сөз берді. Мен оған: «Талабыңа нұр
жаусын!» — деп тілек айттым.
Әкемнің әліппесінің құр тұрмай, пайдаға асқанына мен де қуандым.
«Мен оқимын, ойнаймын, ойланамын» кітабы​

Fanny321 Fanny321    3   07.12.2020 15:15    28

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi