Егемендіктің алғашқы жылдарында Ата Заңға арнайы бап енгізіліп, «неке және отбасының, ана, әке болудың және балалықтың мемлекет қорғауында болатынын айқындалды. Осы арқылы тәуелсіздік жылдарында отбасылық-демогра- фиялық саясат мемлекет дамуының стратегиялық бағыты ретінде бекітіліп, бұл саладағы келелі мәселелер кезең-кезе- ңімен түпкілікті шешімін тауып келеді. Ширек ғасырда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бәсекеге қабі- летті ұлт, әл-ауқаты артқан отбасы, білімді ұрпақ қалыптас- тыруға бағытталған сындарлы саясаты отбасылық саясатты жетілдіруге, ана мен баланы мемлекеттік қолдау бойынша бағдарламалық құжаттардың қабылдануына, осы бағытта тұтастай жүйенің құрылуына жол ашты. Осылардың қата- рында Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының қабылдануын, Оьбасы күнінің белгіленуін,балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық моделінің қалыптасуын,"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының өткізілуін және басқа да нақты шараларды алға тартуға болады. Осы мәтіннің арасындағы сөйлемдерді түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемге араластыру керек. Көмектесіңіздерші?