2-тапсырма Мәтінмен жұмые. Тыңдалым.Оқылым Арыстан бап кесенесі
Арыстан бап кесенесі көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші Түркістан
халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болған.
Арыстан бап ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан
шакыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана
болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне
алғашқы белгі ХІ ғасыр шамасында салынған. Мазар XIV ғасырда қайта жөнделген.
Арыстан бап кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген
кірпіштен ауданы 35х12 метр, биіктігі 12 метр, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға,
Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта
жөнделген.