Домбыра Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.
Қадыр Мырза Әлі
Мәтін бойынша дұрыс, бұрыстығын анықтай алады
Ақпараттар Дұрыс Бұрыс
1.Домбыраның төрт шегі болады
2.Нағыз қазақ – Домбыра!
3.Домбырадан асқан шежіре, дана жоқ
4.Домбыра мылқауды сөйлетпейді, жылатпайды
5.Домбыра жалған сөйлемейді