даю 40б 9. Мәтін бойынша диалог жазыңыз және төл дыбыстарын белгілеңіз..
Жамбыл облысы
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Оның жер көлемі 144,6 мың шаршы шақырым. Ол Португалия, Греция, Исландия сияқты мемлекеттерден көлемдірек. Ал Италия мен Англия жерлерінің жартысына тең. Егерде бұрынғы Кеңес Одағының елдерімен салыстырар болсақ, онда үш Закавказье елінің, үш Балтық жағалауы елдерінің көлемімен шамалас. Облыс солтүстігінен оңтүстігіне дейін 360, ал шығысынан батысына дейін 480 шақырым жерге созылады.
Облыстың бүкіл солтүстік жағын Шу өзені айдынына дейін Бетпақдала шөлейті алып жатыр.
Оның түстік жағы Мойынқұм құмды жазығына жалғасады.Оңтүстігінде ақ қарлы Тянь – Шань Алатауы. Мұнда Қазақстандағы тұңғыш мемлекеттік Ақсу – Жабағылы қорығы ұйымдастырылған. Бұл облыста Ұлттық Ғылым академиясының ғылыми – зерттеу базасы жұмыс істейді. Оңтүстік батысында фосфоритке бай Қаратау қыраттары, ал оңтүстік – шығысында Алатау, Қордай, Жамбыл тау жоталарымен шектелген.
Облыстың әкімшілік орталығы – Тараз қаласының іргесі бұдан 2000 жыл бұрын қаланған, ол алғаш Талас болып аталған.

MR3AlI MR3AlI    1   26.01.2021 18:06    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi