«Өнер жігіт көркі» Берілген сөздің мағынасы түсіндіріңіз
помагите ​

Deafandblind Deafandblind    3   20.10.2020 06:20    3

Ответы
DrozZzD DrozZzD  20.10.2020 07:01

Қазыналы қазақ қашанда қым-қуыт тірлікті өнегелі өрілген сөзбен сипаттай жү­реді. Астарында мағына бұғып жатқан әр сөзі әлі күнге әрін жоғалтқан емес. Сол сөздер­дің сыры мен сымбаты кетпегенінің көрінісі – «жігітке жеті өнер де аз» деген аталы сөз. Ел қорғаны болған жігіттен мінсіздік іздегендіктен, жеті өнердің өзін аздық қылған. Атқа шапса, домбыра шертсе, елін жайласа, сөзге ұсталығы, бойда батырлығы, жүректе иманы және білімге жиғаны болса, міне, жігіт! Одан артық өнері болса – жігіттің төресі. Өнері өн бойынан өтіп тұрған өр жігіттерді ел мақтаған. Ал, ел мақтаған жігітті қыз жақтаған ғой. Осы үшін де ертеректегі ерлер жеті өнердің өзін кем көрген. Ол күнгі жігіт те – жігіт, бұл күнгі жігіт те – жігіт. Дегенмен, заманына қарай адамы. Қазіргі ердің өнері өзгерді. Сол үшін де бүгінгінің жеті өнерін жинақтап көрген едік.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi