Берілген үш тақырыптың бірін таңдап, мәтін құрастырыңыз. Мәтіндегі сөйлем саны 10. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз (выбрать один из трех тем, составить текст. Текст должен состоять из 10 предложений. В тексте использовать проядковые числительные) 1. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

2. «Отан отбасынан басталады»

3. «Қазақстан таулары»

derakA derakA    3   29.10.2020 13:14    1

Ответы
елена1229 елена1229  29.10.2020 13:20

           Отан отбасынан басталады

«Отан отбасынан басталады»  деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың  жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны,  бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Отбасы шағын Отан. Оның  басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында  бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi