Берілген сөздердің мәтіннен синонимін тауып жазыңыз: Қаламгер, Шығармасы, Мәселе,Бастығы
Америкалық ғалым және жазушы Айзек Азимов 1950 жылы ғылыми-фантастикалық жанрда жазылған «Мен роботпын» туындысы жарық көрді. Айзек Азимовтың ғылыми-фантастикалық әңгімелер жинағы қазіргі ғылыми-фантастикалық әдебиетке үлкен әсер етті. 1949 жылдың басында Айзек Азимов роботтар туралы жеке жинақ шығару үшін қажетті материалдарды жинақталған. 1949 жылдың наурызында ол әңгімелерін іріктеп, жалпы идеяны ойлап табады. Кітапта роботтардың пайдасы мен зияны туралы әңгімелейді.
Ол Робот әлемінің негізгі үш заңнамасын жасады. Бірінші заң бойынша робот адамға зақым келтірмеуі керек. Екінші заң бойынша робот адамның бұйрықтарын тек бірінші заңға қарсы келмеген кезде ғана орындауға міндетті. Үшінші заң бойынша робот өзінің амандығын Бірінші және Екінші заңдарға қарама-қарсы келмеген кезде ғана ойлауы керек. «Мен роботпын» шығармасы бірнеше рет қайта басылып шықты, көптеген тілдерге аударылды.
Жинақтағы әңгіме 2057 жылы доктор Сьюзен Келвинмен өткізілген сұхбат түрінде өрбіген. Онда ол позитрондық робот өндірісіндегі әлемдік көшбасшы корпорацияның штаттық робопсихологы лауазымындағы өз жұмысы туралы естеліктерімен бөліседі. Жинақтағы әңгімелердің басты идеясы – роботтарға байланысты проблемаларды шешу.

SanyaLe9 SanyaLe9    2   07.05.2020 11:17    0

Ответы
erra1337 erra1337  14.10.2020 09:32

ҚАЛАМГЕР--ЖАЗУШЫ

ШЫҒАРМА ТУЫНДЫ

МӘСЕЛЕПРОБЛЕМА

БАСТЫҒЫКӨШБАСШЫ

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi