1-тапсырма. Үзінділерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 1-үзінді
Соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің жалғыздық зарын шеккеніне сегіз жыл үш ай болды. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы ойына оралды. Исатайсыз бастаған ереуілі жеңіліс тапқалы бері Махамбеттің бармаған жері, баспаған тауы қалмады.
2-үзінді
Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай,
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай.
Зеңбірек үш атқанда дарымады,
Құдайдың міне қара сақтағаны-ай.
• Сұрақтарға жауап бер.
Досынан айырылған кепкердің уақыт өткен соң қандай ойлары оралды?
Исатайдың мінген тұлпары қандай болды?