Берілген бір тақырып бойынша шығарма жазыңдар, 1.менің емтиханға дайындалуым, 2.емтихан болатын күн, 3.емтихан кезінде, 4.емтиханның сәтті өтуі,

nevessomost nevessomost    3   28.06.2019 06:10    0

Ответы
UNDEADrevolution UNDEADrevolution  22.07.2020 14:51

Менің емтиханға дайындалуым туралы.

Екінші тоқсан аяқталар алдында қазақ тілі пәні бойынша қорытынды емтихан болатынын мұғалім оқу жылы басталысымен ескертіп қойған болатын. Емтиханда болуы мүмкін сұрақтар тізімін беріп, емтихан күнін де белгілеп қойды. Тоқсандық әрі жартыжылдық баға осы емтиханның нәтижесі бойынша қойылатын болғандықтан емтиханға алдын – ала дайындалуды жөн көрдім. Оған қоса, алдын – ала дайындалсаң, бір күн қалғанда өзіңді қинамай, сұрақтардың барлығын уақтылы оқып үлгеруге болады. Сонымен мен сабақтан соң кітапханаға барып, емтихан сұрақтары бойынша қосымша материал жинауды бастадым. Алдымен өзім жауабын білетін жеңіл сұрақтардан бастап, кейін қиындау сұрақтарға көшіп отырдым. Жауабы дайын сұрақтарға белгі қойып жүрдім. Демалыс күндері бір мезгіл уақытымды бөліп, дайын жауаптарды оқып жүрдім. Бірнеше апта өткеннен кейін алдында оқыған сұрақтардың жауаптары есімде қалғанын байқайтын болдым. Еңбегімнің жемісін көріп, өзім де іштен қуандым, әрі емтиханға түбегейлі дайындалып жүрген соң өз – өзіме сенімді болдым. Осылайша емтихан тапсыратын күн де жақындап қалды. Өзіме сенімді болғандықтан ешқандай қобалжу сезімі болған жоқ. Емтихан болар күннің алдында ертерек жатып, таңертең асыға емтихан тапсыруға бардым. Билетте өзім дайындалған сұрақтар келгенін көріп, қатты қуандым.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi