Берілген ақпаратпен танысып, дәптерге жазып, өз ойыңды қысқа бер Әр кезеңдегі ойшылдар адам атының сақталып қалуы үшін толыққанды адам болудың жолдарын іздестірген және өздерінше әр қилы пікірлер білдірген. Бірі сол адамға лайықты дұрыс жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама сұмдықтарды көріп қорықты. Енді солардың біршамасына шолу жасасақ төмендегідей анықтамалар шыға келеді. Қоғамдық пәлсапалық hәм діни-танымдық тұрғыдан «адам» ұғымы аса терең. Мысалы, XI ғасырда өмір сүрген ислам оқымыстысы Ж. Руми: «Адамның болмысы – ішінде әр түрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-қайуани сияқты мыңдаған қасиеттер бар. Егер ішкі жан шаһарында қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде жақсы сипатқа, кейде жаман сипатқа айналып отырады» – деген екен. Ал оқымысты Марк Орэл өзінің «Ойлар» атты кітабында: «Күнде таңертең адамдар арасына барып қосылғанда былай ойланам: бүгін мен адам бейнесіндегі кейбір жыртқыштармен кездесем, оларды ызаландырмай, өзім таланбай үйіме аман-есен оралуым керек» [1] – деп жазған екен. Адам туралы ең алғашқы мәдени-антропологиялық ой бастауында тұрған Сократ болды. Сократтың адам туралы ойының ең маңызды белгілері ретінде адамдар бойындағы ең жақсы құндылықтар, моральдық ұғымдар және мінез-құлық түрлері салыстырмалылық тұрғысынан өлшенген. Сократтың шәкірті Платон алғаш рет адамға анықтама берді. Оның анықтамасы бойынша «адам – қауырсыны жоқ екі аяқты жануар сияқты» деп аталынды. Платонның шәкірті Аристотель анықтамасы бойынша «Адам ғана сөйлеу қабілетіне ие. Сөз пайдалыны да, пайдасызды да һәм әділеттілікті де, әділетсіздікті де жеткізе алады. Осы қасиет адамдарды барлық тірі жәндіктерден ажыратып тұрады» делінген [2, б.159-171]. Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар.

Meow444 Meow444    3   22.12.2020 15:46    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi