1-тапсырма. Мәтін ішінен есімдіктерді анықтаңыз. Сол күні жұмбақ ғаламшардан екі бала келді. Жұмбақ елден келген балалардың әңгімесі де құпияға толы еді:
- Біз Жердегі тіршілікті көп зерттедік,- деді қонақтың үлкені. – Жер ғаламшары ғарыштан керемет әдемі көрінеді. Бірақ жақындасаң, қатты қорқасың. Қара қою түтіннен, улы газдан тұншыға бастайсың. Біз ешқайда қона алмай қиналдық. Мұхиттарда көк киттердің күңірен-генін, аққулардың таза суды аңсағанын көрдік. Жүрегіміз ауырды.
- Қап, ұят болды-ау!- деді Мақсат.
- Өздеріңе әдейі келдік,- деді екінші қонақ бала. Бірақ барлық ақылды
балалар осы Жерде
- тұрады екен.
- Бәріне жауапты сендерсіңдер. Біз қазақтарды «Күннен келген халық» деп
білеміз. Сендер
- сол халықтың ұрпағысыңдар. Сондықтан бәріне жауаптысыңдар,- деді үлкен
қонақ.
Есімдіктер: