Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады. Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап келген адамдар туған-туысқандарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеліп береді. Мұны базарлық деп атайды. Ол - жақсы көргеннің, сыйлағанның белгісі. Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әртүрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.

Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды.

Тапсырма:

А) Мәтіндегі көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, ойыңызды жазыңыз.

Yuki16 Yuki16    2   16.03.2021 13:46    0

Ответы
linnik4Platon linnik4Platon  15.04.2021 13:48

А) мәтіндегі басты мәселе байғазы беру, бастаңғы жасау мен көрісу секілді қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ақпарат беру.

Берілген мәтін қысқа әрі нұсқа қазақ халқының кей салт-дәстүрлерімен таныстырады. Байғазы беру мен көрісудің маңызы, бастаңғы жасаудың ерекшеліктері туралы нақты түсінік береді.

Ә) Байғазы берудің маңызы неде? жауабы: үлкендердің кішілерге сыйлық беріп қуантуы мен жақсы көргеннің және сыйлағанның белгісі болады.

Көрісу не үшін қажет деп ойлайсың? жауабы: сағынғанда, кісі қайтыс болғанда, қыз ұзатылғанда жиналып, қайғысын бөліп, қолдау көрсетуге келеді.

Объяснение:

Ә типа бонус ) зделай лучшим ответом

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi