Оқылым. 1-тапсырма . Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазу
Бойтұмар тарихы Қазақ халқының күнделікті өмірінде тұмардың орны бөлек. Халық тұжырымында "көз тию" яғни "кінәрат" деген түсінік кең тараған және оған халық сеніп келген. Тұмардың қасиеті өзге жанның сұқ көзінен сақтап, сәбиді тілден, түрлі пәлекеттерден сақтайды және жақсы атқа да, жас балаға да, сүтті сиырға да көз тиеді деген ұғымнан туса керек. Бұл ырым қазірде бізбен бітесе жалғасып келеді. Тұмар негізінен теріден не матадан істеліп, арасына Құран сүресінен аяттар жазылған. Кейде зергерлер әшекейлеп темірден, күмістен құты жасаған. Исламға дейін тұмардың ішіне тұз, пияз, аюдың, иттің жүнін салған. Тілден, көзден әр түрлі пәлекеттерден сақтайтын тұмарлардың түрі көп болып, бірі ауру адамға тағылса, бірі әйелдерге, қыздарға, жас балаларға тағылған. Қазіргі кезде тұмар өз міндетін жоғалтпай, ұлттық сыйлықтық, сувенир, сәндік қатарына енді.
буду очень благодарна​

ilonarudneva14Sofass ilonarudneva14Sofass    2   07.12.2020 13:17    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi