Балашық шықтан болашыққа эссе/мәтіндер жазу​

SuperSanii SuperSanii    1   24.02.2021 17:13    0

Ответы
ксюнчик12 ксюнчик12  24.02.2021 17:20

Балалық шақ - ұмытылмас бал күндер. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатады.

Балалық шақ туралы шығармаға бала күніңіздің естеліктерін, сол кездегі арман-тілектеріңізді, қиял әлемінің көрінісін жазуыңызға болады. Басыңыздан өткен небір оқиғаның өзі шығармаға арқау болуға жетіп артылады. Себебі, бала өмірінің әр парағы қызыққа толы. Оған қоса, ата-анаңыздың қамқорлығы, жақындарыңыздың мейірімі, ата-әженің жүрегі елжірей еркелетіп, берген тәрбиесі де тілге тиек етуге тұрарлық зор дүние.

Балалық қиялға не жетсін, шіркін! Бала күніңіздегі қаһарманыңыз, небір қиял-ғажайып оқиғалар, құбылыстар, барлығы да балғын шақтың тәтті күндеріне тән. Олар шығармаңыздан көрініс беріп жатса, кімге де болсын бала шағын еске түсіріп, тұла бойын ерекше сезім, сарқылмас саыныш кернейтіні анық.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi