Бала Абай көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып: Әй, шырағым, балам! Арғы жағыңда әкең тұр... сәлем бер! - деді. Абай жалт қарап еді, әкесін көрді. Алыстау жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды. ... Әкесі азғантай уақыт Абайға қарап алып: Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді. в чём основной смысл? Скажите "с дам :"с