"Біздің отбасымыздағы қонақ күту дәстүрі" Ойтолғау орындап беріңіздерші. Тез тез ​

Phkgd Phkgd    2   28.02.2021 09:57    0

Ответы
elizavetamalik1 elizavetamalik1  28.02.2021 10:00

Қонақасы – тәңір асы», «қонақ несібесін тәңір жеткізер», «қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі» дейтін аталы сөздер қазақ халқының ерекше қонақшыл, ерекше меймандос, асқан адамгершілікті халық екендігін айғақтайды, әрі әрбір отбасы ұрпақтарын қонақшыл, меймандос, ізгі ниетті, мейірімді, қайырымды болуға баулып отырады. Әрбір қазақ үйіне қонақ келсе, «құт келді, қонақпен бірге үйіме құт-береке кіреді» деп балаша қуанып, қонақтың алдынан өзі шығып қарсы алып, үйінен өзі есік ашып кіргізеді. Алайда қонақты есік ашып шығарып салмайды. Үйге келген қонақты есік ашып шығарып салу - қонақты қуалағанмен бірдей ұятты іс деп қарайды. Сонымен қатар «құтты қонақ келсе қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе малға қасқыр шабады», «қонақтың жақсысы - құт, жаманы - жұт» деп ырымдап, жалпы қонақтарды: «арнайы қонақ», «құдайы қонақ», «қыдырма қонақ», «қылғыма қонақ» деп төртке бөледі.

Объяснение:

удачи

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi