Тәуелсіздік – теңдесі жоқ бақыт, егемендік – еркін өміріміздің кепілі. Бүгінде біз тәуелсіздіктің жемісін көріп отырмыз. Ертеңі ерен еркін еліміздің болашағы зор. Еліміз азат, тағдырымыз өз қолымызда. Бұл – басты табысымыз.
«Елу жылда – ел жаңа» дейді халық, егемендікке қол жеткізген 29 жылда Тәуелсіз Қазақстан қуатты, іргесі берік елге айналып қана қоймай, дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы елу елдің сапынан көрінуге ұмтылуда.
Осынау жиырма тоғыз жылдың ішінде біз зор мұраттарға жеттік. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» деп аталатын стратегиялық бағдарламасы Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, өсіп-өркендеуімізге бағытталған. Бүгінде қазақ елін бүкіл әлем таныды. Біз Егеменді елдің – Қазақстанның, еркін елдің ұланымыз!
Қазақстан – ынтымақ ордасы. Ел болып, еңсемізді көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өркениетке қанат жаю үшін әлемдік табыстарға қол созып, дамыған ел қатарынан танылсақ екен. Өйткені көсегемізді көгертіп, тәуелсіздік жалауын асқақ биікке көтеріп, айбынымызды жаһанға таныту – ел мұраты.
Өз мемлекетіңнің тәуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемендігін құрметтеу – тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен гуманистік жауапкершілік. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс текті» намысты ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстандағы әрбір адам тәуелсіздікті көзінің қарашығындай сақтауы керек. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегендей, тәуелсіз мемлекеттің қарыштап дамуы, оның ары қарай өркендей беруі болашақ жастардың қолында!
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деген сөзі азаматтығымыздың қадір-қасиетін көрсеткендей.
Өз Отанымызды аялау – ананы аялау, сен ол үшін жаныңды қисаң да ешқашан өлмейсің. Сенің артыңдағы келешек өскелең ұрпақ сені мақтан етеді. Бүгін ел іргесін бекем де берік бүтіндесек, ертеңгіге сеніммен қадам басамыз. Бұл үшін тәуелсіз еліміздің тұтқасы біздің қолымызда екенін естен шығармауымыз тиіс.