« Бейбітшілік – әлем халқының арманы» тақырыбына
хабарламалық эссе жазыңдар.

ASLiza1992 ASLiza1992    3   22.04.2020 14:11    64

Ответы
ndjfhfidi ndjfhfidi  18.08.2020 01:47

Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым ты­ныш­тықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағы­ның амандығы келешегінің кемел­дігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып-тозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлай­тындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде. Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Содан болар, халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті жал­пыадамзаттық құндылықтар қата­рына қосып отыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi