Біз Қаратүпке шыбышыз, Әй, ана қарайған не?
Кайсы?
Әне, әнекей! дедә де, Кәлен монан артық тілге келмей жүгіре жөнелді. Оның
соңын ала Мөңке мен Еламан, Рай, тағы бірнеше кісі жүгірді. Бұлар
жақындағанда, әлгі қарайғанның үстінен дүрк көтеріліп қарғалар
ұшты. Кәлен жеделірек басып қасасына келсе, қарайғанның бірі түйеші Жалмұрат
та, ал онан қолсозымдай әрегіректе жатқан Сары бала екен.
Еламан, сен тезірек елге жет, - деді Кәлен. біз кісі-қараға бас көз боп осында
қала тұрайық.
Еламан тілге келмей жөнеле берді.
Сол түні балықшы ауылда бір тірі жан көз ілмеді...
Бір топ атты тұсынан тасырлатып шауып өтті. Кіл қара шекпенді. Ішінде Федоров пен
Курнос Иван бар.
Күтпеген жерден құла ат осқырынып жолдан шыға жалт берді. Федоров ер үстінен
ұшып кете жаздады. Тізгінін тартып, ат үріккен жаққа қарап еді, қарсы алдында жолын
кеселеп біреу тұр екен. Федоров аттан қарғып түсті.
Сен бе?
Иә, мен.
Ay - құралдарың қайда? Еламанның үсік шалған беті қап-қара. Еріндері тілім-тілім.
Федоровқа түлкі тымақ астынан қадала қараған көз өңменінен өтіп барады. Орыс
байының да түсі демде бұзылды:
— Ау - құралдарың қайда?- Еламан темір сүйменді дос қолымен сығымдап ұстап алған еді.
Тентек Шодыр оны енді байкады.
— Ау- құрал қайда?- деді ол аңырып.
- Сен ит!.. Иттің баласы, адамдарың қайда деп неге сұрамайсың?
Еламан қарсы акырып темір сүйменді құлаштай сілтеп еді, Тентек Шодыр тізгін
ұстаған қолымен басын қорғап бұғып қалды. Ат ата жөнелді. Иығының басына тиген
сокатыданулмыс байы есеңгіреп кеткен-ді. Бірақ есін тез жиды. Басын шайқап жіберді.
Краймен Еламанды астына бүтерлеп баса қалмақ боп еді, бірақ Еламан
Гқып, орыс байының күштағынан сытылып шықты да, іле-шала қайта
амтылды. Бұл жолы сүймен Федоровтың дәл қарағұсына тиді. Құлақшынның астынан қан
сау етіп бетін жуып кетті. Қалың киімді, батыр тұлғалы iрi кiсi гүрс етіп етпеттей құлады.
Еламан сүйменді лақтырып жіберді.
Ә.Нұрпейісов. «Қан мен тер» романынан.
есімдіктерді теріп жаз