Бәйтерек 1. Астана қаласының символы – «Астана – Бәйтерек». 2. Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты. 3. Осы бәйтеректің шығу тарихы ежелгі аңызға негізделеген. 4. Көк теңіздің жағалауында өмір ағашы – алып бәйтерек өседі екен. 5. Жыл сайын бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен.6. Бірақ жыл сайын айдаһар сол жұмыртқаны жеп қояды екен. … 7. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады екен.8. Оған риза болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. 9. Киелі ағаш туралы аңыз – бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған Қазақстан мақсатының көрінісі. («Елтану» оқу құралынан)
Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз