..."бүгінгі Қазақстан - бұл 163 млн сомның тауарлы өнімін беретін, 40 млн малы бар өлке", - деп жаздыңыз Сіз, Голощекин жолдас, 1930 жылы "Октябрь революциясының жетістіктері" деген мақалаңызда ("Қазастанның 10 жылдығы" атты жинақ) бірақ қазір, Сіздің мәлімдемеңізден кейін 2 жыл өткен кезде Қазақстанда малшаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кеміп кеткені әмбеге аян болып отыр..."
"Бесеудің хаты"
1. "Бесеудің хаты" авторлары кімдер?
2. Кай жылы жазылды?
3. Авторлардың хат жазудағы мақсаты неде?
4. Құжат дерек бола ала ма, неге?
5. Авторлардың айтып отқан кезеңі қандай саясаттың салдары?
6. Саясаттың халық үшін тигізген салдары қандай?
7. Саясаттың демографияға тигізген әсері мен салдары қандай?
8. Құжатта кімді айыптады?