Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген . Олар көбіне жеңсіз болған . Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен , оны ілгегі мен ілмегі бар күміс қапсырмамен қапсырған . Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан . Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін . Қыздардың бас киімі -кестемен тігілген , төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия . Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі . Қыздардың тақиясы қызыл , күлгін , жасыл т.б. түстермен , шұға , барқыт сияқты маталармен тігіледі . Түрлі - түсті моншақ маржан , алтын , күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды . Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын « қасиетті құс » деп санағанынан пайда болған . Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле - орташа биіктігі 70 см шамасындағы конус тәріздес бас киім . Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі . Сондай - ақ кестемен , маржанмен әшекейленеді . Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі . Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген . Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе , ересек әйелдер аласа өкшелі киген , бірақ көбіне мәсі және оның сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген . Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі . Ал осы ұлттық құндылығымызды тек қазақтың Жыл басы Наурыз мерекесі қарсаңында іздейтініміз жасырын емес . Қазіргі таңда жастардың көбісі батыс мәдениетінің үлгісінде киінуді жөн санайды . Қазақ екенімізді айқындайтын ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу үшін жастарды мәжбүрлеу оң нәтиже бермейді . Мұның басқа жолын іздестірген абзал . Мысалы – қазақша киімді сәнге айналдыру . Еліктегіш жастардың бір - екеуі қазақша оюы бар киімдермен көзге түссе , бұл үрдіс сәнге айналып кетуі әбден мүмкін . Халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық киімдерін заманауи үлгіде тігу , кеңсе киімдерін қазақы ою - өрнекпен безендіру – бүгінгі таңдағы біздің негізгі мақсатымыз . Үзіндінің қай тұсы әсер етті ?
Неге ?
Какая часть отрывка повлияла на вас? Почему?