Текст : Зытып келем , зытып келем . Артыма қарай қарай зытам ... Зытып келе жатқаным қашып келемін , - артыма қарай беретінім қорқып келемін .. Мен қазір ондамын . " Әліпті таяқ деп ауылдың балалары мазақтай беретін еді , жазғытұрым қолыма сиыршының таяғы түсті . - Енді естияр азамат болдың Мына таяқты қолыңа ал , осы ауылдың сиырын енді сен бағасың ! - деп ағам Айдынғали таяғын маған ұстатты да , мі аяқ - еңбек іздеп қалаға кетті Қалаға кіріп қатар - қатар тізілген коп тақтай дүкендердің оңашарақ тұрған біреуінің жанына келдім де жып - жылы жерге құлай кеттім . Жұмсақ құм өзінен - өзі үгітіліп жамбасқа жайлы тосек бола кетті ... О , қас қаңның жатысын - ай ! ... - деп тап өзіме ұқсаған екі бала мені аяқтарымен бүйірге түртіп тұрғандарын бір аңдағандай болып ем көзімді ашгуға дәрменім жетпеді . Ар жағын білмеймін тас болып қатып калсам керек , түнде еліп жатқан бала сен бе едің , әй ? - дегенде артыма карасам , бір ересек бір кішірек бала өзен жағасына жақындай берген екен . Біреуі ашаң сұңғақ денелі , үстінде шолақ шалбардан басқа еш нәрсе жоқ . Күнге күйіп күрең тартқан дененің бұлшық еттері иіріліп - иіріліп қояды . Енді біреуі менімен тұстас болуы керек , ақшыл денелі арық бір аяғын ақсай басып келеді