Қазақ тілі пәні бойынша 6-сынып оқушысының өзіндік жұмысының
жоспары
ІV тоқсан
Сабақтың нөмірі: 4
9-бөлім: Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен, ең кіші, ең қымбат, ең ауыр кітаптар
Оқу мақсаты: Бұл сабақта оқушы мәтіндегі үстеулерді тауып, синонимдерін
қолданып жазады.
1-тапсырма. Мәтінді оқы
Әлемдегі ең ауыр кітаn -Лондондагы Британ мұражайында сақтаулы
тұрған географиялық атлас. Атластың ұзындығы бір метрден асып түседі, ал
салмағы – 320 килограмм. Әлемдегі ең үлкен кітап Нидерланд астанасы
Амстердамдагы мұражайлардың бірінде сақтаулы тұр. Бұл кітап «Теңіз
ережелерінің жинағы» деп аталады. Кітатың ұзындығы – орта бойлы
адамнан сәл биік, ені - 4 метр, қалыңдығы - жарты метрге жуық.
Әлемде ең кіші он екі кітап бар. Олардың көлемі бір ас қасыққа сыяды.
Олар: Құранның миниатюралық басылымы; 12 мың сөзден құралған
ағылшын тілінің сөздігі; Галилейдің шығармалары (пошта маркасының
жартысындай шамада онда 208 бет); Жаңа өсиет, 1896 жылға дейін жер
жүзіндегі ең кіші басылым болып саналган шағын кітапша; Британ (шотланд)
ақыны, фольклортанушы Роберт Бернс өлең жырларының томдығы
(пергаментке басылған); француз және неміс анықтамалығы : Моисей
заңдары кітабы (ежелгі еврей тіліндегі ең кіші кітап); «Гита» үнді кітабы
(санскритте); Ирландия және Шотландия әндерінің жинағы (нотасымен);
Франция Конституциясы (томдықтың әрбір мұқабасы алтынмен жиектелген);
Бас бармақ көлеміндей кітап АҚШ-тың 16-Президенті Авраам Линкольннің
басылымы. Франциялық Жозеф Форе жарыққа шығарған әмбебап
«Апокалипсис» кітабы әлемдегі ең қымбат кітап болып саналады. («Кітап
патшалығы» журналынан)
2-тапсырма. Мәтіндегі үстеулерді тауып, синонимдерін қолданып, оқылым
мәтіні негізінде 4-5 сөйлем жазыңдар.
3-тапсырма. Берілген ойды түсініп оқыңдар. «Ғибратты сөз» айдары
Кітап - ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен
айуандықтың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танып білуге
үйретеді. Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!
(Нұрсұлтан Назарбаев).
Берілген пікір негізінде «Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, дәлел, мысал,
қорытынды жазыңдар.
Сабақтың тақырыбы: Александрия кітапханасы
Оқушы мақсаты: оқулық мәтініндегі ақпараттармен кестені толықтырады,
үстеулерді тауып, мағыналық түрлеріне ажыратады, 3-мәтіндегі
орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, редакциялайды.

nicekuzia01 nicekuzia01    3   18.04.2020 10:46    33

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi