Қазақстан Республикасында 130 - дан астам ұлттың өкілдері тұрады Қазақстанда орыс , дүнген , неміс , татар , ұйғыр , кәріс , түрік , қытай , өзбек , корей украин және тағы көптеген ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр . Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алды . Олардың қазақ жеріне қоныстанып , өмір сүруіне жағдай жасады . Қазақстан - түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен Қазақ халқы тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен бауырына басты . Олардың салт - дәстүрі , тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасады . Соның нәтижесінде ұлан - байтақ қазақ жерінде барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді . Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың , ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды . Елбасы Н. Ә . Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені болуы керектігін міндет етіп қойды Осыған орай 1995 жылдан ұлтаралық татулықты нығайтуды мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істеп келеді . Мереке қарсаңында Нұр - Сұлтанда Ассамблеяның кезекті сессиясы өтіп , бұл жолғы жиын " Бейбітшілік пен келісім формуласы : бірлік және жаңғыру " деген тақырыпқа арналды . Мәтіннен тірек сөздерді теріп жаз.( выпишите из текста опорные слова)