Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің ұлттық саясатын жүзеге асыру міндеті жүктелген орган. Ол 1995 жылы 1 наурызда
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. Бұл
бірегей мекеме еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа
ұйыстыра отырып, елдегі тұрақтылықты сақтау мен ел дамуына
айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда ұлттар мен ұлыс-
тар арасында бейбітшілік, тату қарым-қатынас орнап отыр. Бү-
гінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеті, тілдері,
дәстүрлерінің дамуына қажетті жағдай жасалған. Ұлт мәдениетін
дамытатын бірлестіктердің саны тұрақты өсуде. Қазір олар 800-ден
асады, оның ішінде 28-і республикалық. Сонымен бірге 15 тілде
газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар, 7 тілде телебағдарламалар
шығады.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушылық
рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

Матін қай стильде, қай жанрда жазылған.

blackytwhite blackytwhite    2   10.02.2021 09:21    1

Ответы
Fantom511 Fantom511  12.03.2021 09:25

Публицистикалық стиль, жанры мақала

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi