Қазақстан-бірлік пен татулық мекені- эссе.

Galina1960 Galina1960    1   22.07.2019 09:00    5

Ответы
Bonga1337 Bonga1337  13.08.2020 20:55
Туған Отанымыздың экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының тірегі болған Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 20 жыл. Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Ассамблея осы жылдар ішінде байсалды жолдан өтіп, байыпты тәжірибе жинақтады. Ол еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі берекетіне айналды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін Конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Және ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы бар зор құрылым.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi