Қазақ халқы жылқыны «киелі жануар» деп есептейді. Жылқы – кисе, киім, мінсе, көлік, жесе, тамақ, ішсе сусын болатын киелі түліктің бірі. Жылқыны жасы мен денсаулық жағдайын атбегілер тісіне қарап ажыратады. Ата-бабаларымыздан қалған « Жақсы аттың тісін қарамас болар...» деген нақыл соған байланысты туындаған болар.
Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, «ел қорғаған ердің жан серігі» деп дәріптеген. Біздің аңыз-ертегілерімізде, батырлық жырларымызда иесі қысылғанда ақылды, күшті тұлпарлар көмекке бірінші болып келетіні туралы көп айтылады. Мысалы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Ер Төстіктің Шалқұйрығы, Қамбардың Қарақасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген.
Басқа жануарларға қарағанда жылқы айналасын түрлі түсті реңкте көреді. Бірақ қызыл мен көк түсті ажырата алмайды. Тағы бір қызығы, - жылқының көру аумағы 360 градус. Яғни, жылқы бір бағытқа қарап тұрғанда тек алдын ғана емес, арт жағын да толық көре алады. Сондай-ақ жылқының көзі түн ішінде де өте жақсы көреді.
Қазақ халқында жылқының қатысуымен болатын түрлі жарыстар мен ойындар бар. Жылқының жүйріктігін сынайтын тай жарыс, құнан бәйге, бәйге, аламан бәйге сияқты сайыс түрлері халқымызбен бірге жасасып келеді. Ал көкпар, аударыспақ, ат үстіндегі тартыс, жамбы ату, қыз қуу, теңге ілу сияқты, ойындар жылқының да, оған мінген жігіттің де мықтылығын анықтаған.
1-тапсырма.
А) мәтінге ат қой (озаглавьте текст)
Ә) мәтінге жоспар құр (составьте план текста)
Б) мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыр (по тексту составьте 5 вопроса)
1)Киелі жануар-жылқы
2 тапсырма
1.Жылқының пайдасы
2.Жылқының мықтылығы
3.Жылқы ойындары
Б)Жылкы қандай жануар?
Жылқының адамға қандай пайдасы бар?
Жылқыға байланысты қандай аңыз әңгімелер бар?