Дәлелде. С
Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Басын кессем деп едім!
Мен – мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Хан баласы — ақсүйек,
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас!
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
М. Өтемісұлынан
Mәтiн бойынша қою қартіппен жазылған сөздермен сөздік жұмысын жаса.Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрап айт.