Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған . Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған . Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді . « Ерсіз ел болмайды , елсіз ер болмайды » , - дейді батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы . Ұлы Отан соғысында ел күйреп , талай адам ажал құшты . Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен , қайратты мінезімен жауынгерлерге жігер берген бабаларға мың алғыс . Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегі ерекше . « Отан үшін отқа түс , күймейсің » деп ұран тастаған батыр атамыз , келер ұрпақтың болашағы үшін өз басын өлімге байлап , ажалмен алысып , жеңіс туын тікті . Бауыржан ата бір естелігінде : « Мен – өзге ұлттарды құрметтеуші , өз ұлтын сүюші адаммын » , - дейді Батырдың әр қазақтың жүрегінде сақталуының себебі де , ұлтын сүйгендігінен шығар . Оның бізге қалдырған мәңгілік өшпес , ғасырдан ғасырға жетер мұралары үшін ұрпақтары мәңгі қарыздар . Бақытты болашақ , тәуелсіз ел - аңсаған арманы еді . Бүгін сіздің арманыңыз – ұлттық тілдің , дәстүрдің , салт - сананың мызғымас тірегі , күші , алтын діңгегі – халықтың бақ жұлдызы жарқырап жанған күн . Сұрақтарға жауап жаз . 1. Мәтін тақырыбы не туралы ? 2. Кімдерге арналған ? ( аудитория ) 3. Мәтіннің мақсаты қандай ?