Қазіргі жастардың көбісі сабақ оқымайды. Неліктен? Себебі қазіргі заманда технология дамуда, яғни неше түрлі гаджеттер: смартфондар, теледидарлар және де т.б. Балалардың барлығы осы гаджеттерге құмар. Тіпті 4-5 жастағы балалардың өздері смартфоннан неше түрлі видеолар көріп отырады. Алайда, бұл технологиялардың да өздерінің жақсы жақтары бар. Смартфонды қамтып отыратын ол - интернет болып табылады. Интернет арқылы біз өзімге керекті ақпаратты ала аламыз, бұл жақсы жаққа жатады. Ал, компьютер арқылы, мектепте керек слайдтар немесе презентациялар жасауға болады. Сондықтан ол да бізге керек. Бірақ, менің ойымша біз интернетті тек білім ретінде пайдалануымыз қажет. Себебі қазіргі кезде түрлі керек емес сайттар, желілер пайда болып жатыр. Осы заттар жастарға сабақ оқуға кедергі жасауда.
Бүгінгі жастардың кітап оқуға құмарлығы төмен екендігі күмән тудырмайды. Жаһандану заманында бұқаралық ақпараттар ағымы толассыз ағылуда. Бұл мәселені бір жақты қарауға болмайды. Бүгінгі жастардың психологиясы бұрынғыдан мүлдем өзгеше. Экономиканың үлкен қарқынмен дамуы әр адамның өзін-өзі материалдық жағынан қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады. Адамның материалдық жағдайды ойлауы бірінші орынға шығып, оның рухани байлықты игеруге деген ынтасы кеміді. Ата-анада баласын ішсін, жесін, мәртебесі биік болса деп тәрбиелейді. Яғни батыстың индивидуалды психологиясы әрбір жастың бойына сіңеді. Қазір ақпаратты тек кітаптан ғана емес, ғаламтор көздерінен, бұқаралық ақпарат құралдарынын-ақ алуға болады. Бүгінгі баланың қолында I Pud, Planshet,I Phone және тағы басқа электрондық құралдар өте көп. Мұның өзі кітап оқу үрдісін алмастыра алады, бірақ бұл баланың қоғамда әлеуметтенуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан қазір ұжымдастырудан гөрі индивидуализация психологиясы басым. Бұл заман ағымы және өмірлік талап, адам санасы қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен тығыз байланысты. Толассыз келіп жатқан ақпараттардың сана өрісінен өтуі екіталай. Бірақ XX ғасырда жастар кітапты қолдан-қолға тигізбей оқыған болса, ХXI ғасыр жастарының классик жазушылардың кітаптарынан тәрбиелік және рухани байлықты алу жағы жеткіліксіздеу. Дегенмен, қазіргі жастарды кітап оқуға баулу керек деп ойлаймын. Ол отбасында мектепте, жоғары оқу орындарында үрдіске айналуы керек. Мәдениетті адам болуы үшін бірнеше тілді игеру әрі рухани байлық кітапты дәстүрлі оқи алатындай болуы керек.