Достық дегенді қалай түсінесің? ​

hasan095mudrec hasan095mudrec    1   16.10.2020 02:31    1

Ответы
gygfyye66363 gygfyye66363  15.11.2020 02:31

Объяснение:

Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi