Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс – топ алдында, табан астында суырыпсалып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыстың бәдік айтыс, жануар мен адамның айтысы, жұмбақ айтыс, салт айтыс деген түрлері бар.

Бәдік айтыс – айтыстың ең көне түрі, адамның табиғаттың сырын түсінбеген кезінде, діни нанымға байланысты туған. Адам бәрінің өз иесі, тәңірі бар деп түсінген.

Салт айтысының ескі түрі – қыз бен жігіт айтысы. Айтыс – өнер бәйгесі, сөз сынағында әр ақын өз ортасын дәріптеп, елінің туын көтереді. Осы күнгі айтыстың ерекшелігі:

– бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы тұрғысынан ортақ әлеуметтік мәселелерді көтереді;

– алдын ала белгіленген тақырып пен уақытқа сай арнайы жиналған елдің алдында сайысқа түседі.

сұрақтарға жауап беріңіз

1) Бәдік айтыстың пайда болуын қалай түсіндіресің?

2) Айтыстың қандай пайдасы бар?

3) Айтыскер қандай қасиетке ие болу керек

aiperiwa aiperiwa    2   04.05.2020 08:48    2

Ответы
insaimner insaimner  14.10.2020 06:31

1)Бәдік айтыс - ол айтыстың ең көне түрі болғандықтан, сол кездегі діни нанымға байланысты пайда болған. Ол кезде табиғат сырын әлі түсіне алмаған уақыт еді.

2)Айтыстың пайдасы орасан зор, себебі :айтыста негізгі әлеуметтік мәселелер көтеріледі, айтыскер өз ортасын дәріптеп, елінің туын көтереді.

3)Айтыскер топ алдында суырыпсалма айтысқа түсе салатын ерекше қасиетке ие болу керек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi