Айқыштар мен дөңгелектер Берілген тұжырымдарды оқы. Олардың дұрыс не қате екенін анықта. Кестеден осы тұжырымның нөмірін тауып, егер дұрыс болса, нөмiрдi шеңбермен қорша, дұрыс емес болса, айқыш белгісімен сызып таста. Тұжырымдар; 1. Мұнайдан шойын жасайды. 2. Кенді пайдалы қазбаға тұз жатады. 3. Алтынды үйді жылыту үшін пайдаланады. 4. Жанғыш пайдалы қазбалар шөгінді жыныстардан тұрады. 5. Қасықты сазбалшықтан жасайды. 6. Алюминий – жеңіл металл. 7. Үйдің іргетасын мыс пен темірден жасайды. 8. Кенді байыту дегеніміз – кенді бос жыныстардан ажырату. 9. Ермексаз — пайдалы қазба. 10. Күміс – бағалы металл. 11. Ағаш – пайдалы қазба. 12. Қара металдар магнитке тартылады. 13. Сыныптағы үстелдер граниттен жасалады. 14. Көмір, мұнай – жанғыш қазбалар. 15. Полиметалдан бірнеше металл алынады.