Атыраудың қазба байлықтары

leshaChi leshaChi    1   05.09.2021 14:03    0

Ответы
lebedeva2303 lebedeva2303  05.09.2021 14:10

Атырау облысының жер қойнауында шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазындылар көп. Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады. Қазірдің өзінде 70-тен астам мұнай, мұнай газ және газ конденсатының кен орындары ашылып отыр. Ал 34 кен орнында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

Облыстың оңтүстік-шығысында шоғырланған карбонат жыныстарының мол аймағынан ондаған жылдар бойы игеріліп, қазақ елінің мұнай-газ өндірісінің негізі болып табылатын бұрынғы кендерге қосымша соңғы жылдары аса ірі Теңіз мұнай кен орны ашылып, оңтүстік- батыста Имашев газ конденсатының орны анықталды. Бұл кен орындары облыс қойнауында флюидалдық құрылым сипатының ерекше етек алуының белгісі. Карбонның терригендік шөгінділерінен Тортай және Кеңістік кен орны ашылды. Шөлқара, Мәткен, Сарыбұлақ, Үлкентөбе, Қарашүңгіл, Үшмола құрылымдарындағы тұз астылық терригендік және терригенді-карбонатты шөгінділерден өндірістік маңызы бар мұнай көздері табылды.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi