Астанадағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электрондық бесік ойлап тапқан. Бұл «ақылды бесік» көпшіліктің қызығушылығын тудырды. - Серікбол, бұл идея қалай пайда болды? - Алғашында, бесіктің жалпы маңызы туралы зерттедім. Жапонияның медициналық зерттеулерінде сәби ана құрсағында жатқанда тербеліске түсіп, рефлекс қалыптасатындығы туралы айтылған. Сәби жарық дүниеге келгенде өмірге бірден үйрене алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек. Екіншіден, сәби бесікте жатқанда миы дамиды екен. Мен осы ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, өз жобамды жасадым. - «SmartBesikтің» басты ерекшелігі қандай? - Бұл бесіктің негізгі ерекшелігі мынада: бала жыласа, бесік автоматты түрде тербеледі. Басқарғышпен (пульт) алыстан басқаруға болады. Бала дәретке отырып қойса, хабарлайды. Бала температурасында өзгерістер болса, автоматты түрде белгі береді. 12 вольттық кернеумен де, батареямен де жұмыс істейді. Аналар үшін таптырмас бұйым деп ойлаймын, өйткені үй шаруасындағы әйелдің уақытын үнемдейді. Негізгі ойы мен тірек сөздер табу керек№

гребок гребок    2   10.09.2020 20:22    13

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi