Аспан әлемінің құпиялары Аспан әлемінің құпиялары қазіргі таңда ғалымдармен үздіксіз зерттелу
үстінде. Жұлдыздардың әлемі әр алуан. Кейбір жұлдыздар көлемі бойынша
Күннен мың есе үлкен әрі жарығырақ болып келсе, ал кейбіреуінің мөлшері мен
шығаратын жарығының энергиясы Күннен әлдеқайда аз болып келеді.
Жұлдыздардың жаркырауы да түрліше болады. Ғалымдар: «Алтын балык
шоқжұлдызы Күннен 400 мың есе артық жарқырайды», - деп пайымдайды.
Жұлдыздар өте алыс картықтықта орналасқандықтан, олардың серіктері ең
күшті телескоппен де көрінбейді. Оларды анықтау үшін зерттеудің нәзік
әдістерін қолданып, бірнеше ондаған жылдар бойы ұқыпты бақылау мен күрделі
есктеулер жүргізу қажет.
XIX ғасырдың ортасындағы орыс саяхатшысы Матвей Ястребов былай
деп жазған еді: «Ең алғашқы астрономдар көшпелі халықтар болғаны даусыз.
Кең далада мал бағып өмір сүру олардың аспан денелерінің қозғалысына үнемі
бақылау жасауына мүмкіндік берді». (117 сөз)
(http://edu.e-history.kz/)