Арманға қалай жетеміз деген тақырыпқа эссе жаз 70-80 сөз ішінен зат есімдер тап

КОте2004 КОте2004    3   23.01.2021 16:35    3

Ответы
Onalbaeva00 Onalbaeva00  23.01.2021 16:40

Бұл дүниедегі әрбір адамның өз армандары болады, соған жетсем екен деп қиялдайды. Арманға жету үшін ең алдымен мақсат қоя білу керек. Ал мақсатты орындау үшін талпыныс, қажымас қайрат, табандылық пен шыдамдылық, ұмтылыс қажет.

Менің де өз арман-мақсаттарым бар. Мен мақсатымның орындалатынына кәміл сеніп, оған табандылықпен ұмтылсам мақсатым орындалады деп ойлаймын. Алайда, мақсатқа жету - оны жай ғана орындау ғана емес, өз-өзіңді жетілдіру. Сол арқылы сенің ой-өрісің, күш-жігерің дамиды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi