Алтын адамның ерекшеліктері қандай?

nastiaalecko00 nastiaalecko00    2   22.12.2020 20:42    0

Ответы
Iraa26 Iraa26  21.01.2021 20:46

ответ:Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.

Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.[2] Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Vikula2404 Vikula2404  21.01.2021 20:46

Алтын адам табылған қорған бұл өңірдегі обалардың ішінде ұрлықшылардың тонауынан аман қалған жалғыз қорған. Сақ жауынгерінің денесі обаның негізгі бөлігінде жатқан жоқ. Бәлкім, оның сақталып қалуының сыры осында болар.

Қорғанда хан әулетінен шыққан әкесі мен баласы жерленген болуы да мүмкін. Табылған алтын адамның хан әулетінің ұлы екені белгілі.

Алтын адамның киіміндегі алтынның нақты салмағы белгісіз. Мектеп оқулықтарында киімнің салмағы жиі жазылғанымен, нақты алтынның салмағы аталмайды.

Алтын адам киіміндегі жапсырмалар таза алтыннан жасалмаған. Олардың негізі ағаштан жасалып, сыртын алтын жұқалтырмен қапаған. Дәл осы себепті, алтынның нақты салмағы әлі күнге белгісіз болып отыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi