Тапсырма [10] «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
жылдан бастап Қазақстанда «Серпін – 2050», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.
жылдан бастап Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті осы жобаны жүзеге асыруға қатысатын жоғары оқу орнының бірі ретінде бекітілді. Университетке 2015 жылы «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша оқытуға 450 грант бөлінді.
Бағдарлама мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сапалы білім алу үшін өз студенттеріне барлық жағдайды жасаған. Жоғары оқу орнында әскери кафедра, қоры 5 миллионға жуық кітаптар мен электрондық оқулықтардан тұратын заманауи кітапхана, бірнеше спорт залдары, ғылыми зертханалар, тұрмысқа қолайлы студенттер үйі, Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан «Простор» спорт-демалыс лагері бар.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін таңдасаң, қателеспейсің. Ол – жарқын болашағыңа сенімді жолдама!
ЖОО-на түсушілер мен колледждерге түсушілерге қандай жағдайлар жасалған? Кемінде
4 айырмашылығын анықтаңыз. [4]
Мәтін қай стильде жазылған? [1]
Стильдік ерекшеліктері қандай? [1]
Мәтінде тақырыпқа қатысты қандай терминдер кездеседі? [1]
Мәтіннің құрылымы (абзацтар, бөлімдер, т.б.) қандай? [1]
Мәтін қалай рәсімделген? [1]