алтау ала болса ауыздағы кетеді төртеу түгел болса төбедегі келеді сіздерге сұрақ алтау не?төртеу не? ауыздағы не? төбедегі не?​


алтау ала болса ауыздағы кетеді төртеу түгел болса төбедегі келеді сіздерге сұрақ алтау не?төртеу не

ilkasb ilkasb    2   19.03.2021 20:31    5

Ответы
Фадиля Фадиля  19.03.2021 20:40

алты адам сөзге келсе – істің қайыры болмайды, ал, төрт адам біріксе – тасы жеті қат жер астында жатқан қамалды да алады" деп ұғынуымызға болады. Дегенмен, аталы сөздің астарына үңіліп, нақты не түсіндіргісі келгенін білуіміз шарт. Алты саны – біз үшін Алаш сөзімен үндес. "Алаш" қалың қол, мыңды білдіреді. Яғни, көпті, жүз үй адамын, бүтіндей бір қазақты меңзейді. Демек, бұл сөзде "алты саны" санның, мөлшердің емес, сөздің мәнін түсіндірді. Енді, "төрт" санына назар аударсақ, бұнда – тек бір үй мүшелерін айтқысы келген. Мысалы, бір шаңырақта төрт адам болса – атасы, енесі, келіні, отағасы, баласы. Міне, бұл – бір шаңырақ астындағы төртеу дегенді білдіреді. Төртеу – бір үйден асып әріге бармайды. Алтау – ол көп. Мың болуы мүмкін, он мың болуы мүмкін. Алтаудың түгелі – Алаштың тыныштығы, берекесі, ынтымағы. Ал, төртеудің түгелі – шаңырақтың берігін білдіреді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi